15 сағат бұрын
Чемпиондар лигасы: «Қайрат» «Селтикпен» кездесуінде қақпашы алмастырды

Фото: «Қайрат» футбол клубы
Бүгін футболдан UEFA Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңіндегі алматылық «Қайрат» Шотландияның «Селтигімен» кездесуінде қақпашыны алмастыруға мәжбүр болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ойынның 73-минутында негізгі қақпашы Александр Заруцкий алған жарақатына байланысты алаңнан кетуге мәжбүр болды. Оны Темірлан Анарбеков алмастырды.
Дәл қазір ойынның екінші кезеңі өтіп жатыр. Әзірге есеп - 0:0.
Алматылық футболшылар аталған турнирдің алғашқы үш іріктеу кезеңінде Словенияның «Олимпия» (1:1, 2:0), Финляндияның КуПС клубтарын (0:2, 3:0), Словакияның «Слован» (1:0, 0:1, пенальтиден 4:3) командасын қапы қалдырып кетті.
«Селтик» еурододадағы алғашқы ойынын плей-офф кезеңінен бастады.
Қазірге дейін «Селтик» командасының еурокубок ойындарында қазақстандық клубтармен үш мәрте жолы түйісті. Қарағандылық «Шахтерді» бір, елордалық «Астананы» екі мәрте қапы қалдырып кеткен еді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
