14 сағат бұрын

«Қайрат» Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде сенсация жасады

«Қайрат» Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде сенсация жасады

Алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі алғашқы ойынын сырт алаңда Шотландияның «Селтик» клубына қарсы өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Кездесу Глазгодағы әйгілі Celtic Park стадионында өтті. Ойынға норвегиялық төреші Эспен Эскос бастаған қазылар алқасы қызмет етті. Сарапшылар мен букмекерлердің басым бөлігі, тіпті жасанды интеллект те бұл матчтың айқын фавориті ретінде британдық команданы атаған еді.

Бастапқы құрамдар:

«Селтик»: Шмейхель, Джонстон, Скейлз, Нюгрен, Айда, Картер-Викерс, Маэда, Хататэ, Макгрегор, Форрест, Тирни.

«Қайрат»: Заруцкий, Глэйзер, Мартынович, Сорокин, Мрынский, Арад, Громыко, Тапалов, Эдмилсон, Жоржиньо, Сатпаев.

Бірінші тайм тең дәрежеде өтті. Қазақстандық клуб қарсыласына қарағанда қауіпті сәттерді көбірек жасады. Александр Мартынович соққан гол офсайд себебінен есепке алынған жоқ. Екінші тайм басталысымен «Селтик» шабуылды күшейтіп, Джеймс Форрест бағананы дәл көздеді. Алайда алаң иелерінің қысымы нәтижесіз аяқталды. Сонымен қатар «Қайраттың» қақпашысы Александр Заруцкий жарақат алып, оның орнына Темірлан Анарбеков шықты. Жас қақпашы сенімді ойнап, қақпасын голдан аман сақтап қалды. Қорытынды есеп – 0:0.

Жауапты кездесу 26 тамыз күні Алматыда өтеді.

«Селтик» (Глазго, Шотландия) – «Қайрат» (Алматы, Қазақстан) – 0:0


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

Қазақстан еурокубоктық рейтингте көтерілді

Футбол 1 сағат бұрын

Қазақстан еурокубоктық рейтингте көтерілді

Ұлан Қоныспаев «Қайрат» бапкерін сынға алды

Футбол 1 сағат бұрын

Ұлан Қоныспаев «Қайрат» бапкерін сынға алды

Брендан Роджерс: «Алматыда да жеңе аламыз»

Футбол 2 сағат бұрын

Брендан Роджерс: «Алматыда да жеңе аламыз»

Нысана көздеуден Ислам Сәтпаев 2 дүркін Азия чемпионы атанды

Басқа 3 сағат бұрын

Нысана көздеуден Ислам Сәтпаев 2 дүркін Азия чемпионы атанды

«Манчестер Юнайтед» бірнеше жұлдызын сатпақшы

Футбол 4 сағат бұрын

«Манчестер Юнайтед» бірнеше жұлдызын сатпақшы

Неймар ұлттық құрамаға қайта оралады

Футбол 5 сағат бұрын

Неймар ұлттық құрамаға қайта оралады