3 сағат бұрын
«Интер Майами» жартылай финалға шықты

Интер Майами
Флоридалық клуб Лигалар кубогының ширек финалында мексикалық «Тигреске» қарсы ойында 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Матчтың басты қаһарманы уругвайлық шабуылшы Луис Суарес болды - ол «Интердің» екі голын да соқты. Ал команда капитаны Лионель Месси жарақатына байланысты бұл кездесуге қатыспады.
Енді жартылай финалда «Интер Майами» «Орландо Ситимен» кездеседі.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
