3 сағат бұрын
Дастан Сәтпаев Алматыда өтетін матчқа қатыспайды

Фото: «Қайрат» футзал клубы
Қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев «Қайрат» командасының футболдан UEFA Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңінде Шотландияның «Селтик» командасымен қарымта кездесуінде алаңға шыға алмайды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Кешегі «Селтикке» қарсы ойында ойыншы үшінші сары қағазын алып қалған еді. Салдарынан сары қағаздын көп болуына байланысты 26 тамыз күнгі өтетін матчқа қатыса алмайды.
Қазірге дейін Дастан Сәтпаев Чемпиондар лигасында Словенияның «Олимпия», Словакияның «Слован» кездесуінде мергендік танытты. Ал Финляндияның КуПС клубымен кездесуде бір мәрте гол соғып, бір мәрте нәтижелі пас шығарып берді.
Дастан Сәтпаев 2008 жылы 12 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген. Ол биыл алматылық клуб сапында 12 кездесуде 8 гол соғып үлгерді.
Биыл алматылық «Қайрат» пен лондондық «Челси» 16 жастағы шабуылшының трансфері бойынша келісімге келді.
2026 жылы жазда кәмелетке толған соң, Дастан ағылшын клубына ресми түрде қосылады. Ол уақытқа дейін Сәтпаев "Қайрат" сапында доп тебеді.
Дастан Алматыда дүниеге келген. Сегіз жасында «Қайрат» академиясына түсіп, дайындықтың барлық сатысынан өтті.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
