3 сағат бұрын
«Арсенал» «Тоттенхэмнің» алдын орап, Эберечи Эзені өз сапына қосты

Эберечи Эзе
Лондондық «Арсенал» «Кристал Пэлас» жартылай қорғаушысы Эберечи Эзені қатарға қосу үшін клубпен келісімге келгенін talkSPORT хабарлады.
Ағылшын футболшысы үшін «Тоттенхэм» 60 миллион фунт (+бонус) көлеміндегі ұсыныспен келісімшарт жасауға жақын қалған еді. Алайда «канонирлер» сәрсенбі күні келіссөзді жылдамдатып, «Пэласпен» ортақ шешімге келді.
Белгілі болғандай, бала кезінен «Арсеналға» жанкүйер Эзе, сондай-ақ клуб академиясында ойнаған ол «Тоттенхэммен» алдын ала жасалған келісімді бұзып, «Эмирейтске» ауысуға ниет білдірді.
Бұл келісім «Кристал Пэлас» тарихындағы ең қымбат трансфер болмақ - 60 миллион фунт. Өз кезегінде «Тоттенхэм» ресми түрде Эзеге қызығушылық танытудан бас тартып, енді басқа нұсқаларды қарастыруға мәжбүр.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
