3 сағат бұрын
Декретке кеткен алғашқы футболшы: Испанияда тарихи оқиға

Хуан Крус
Испания футболында бұрын-соңды болмаған жағдай тіркелді. «Леганес» қорғаушысы Хуан Крус ресми түрде декреттік демалысқа шыққан алғашқы футболшы атанды.
Marca басылымының мәліметінше, ойыншы бұл шешімге клубтың оны «Райо Вальеканоға» сатудан бас тартуына байланысты барған. Сол себепті ол спорттық мансабын уақытша тоқтатып, бала күтіміне көңіл бөлуге бел буды.
Футбол әлемінде мұндай қадам өте сирек кездеседі. Әдетте декреттік демалыс әйел спортшыларға тән құбылыс болса, Крус Испанияда жаңа дәстүрдің бастамашысы болуы мүмкін.
Жанкүйерлер әлеуметтік желілерде бұл жағдайды қызу талқылап жатыр. Бірі футболшының шешімін батыл әрі отбасылық құндылықты бірінші орынға қойған қадам деп бағаласа, енді бірі «Леганестің» трансфер саясаты ойыншыны осындай қадамға итермеледі деп пікір білдіруде.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
