4 сағат бұрын
Неймар ұлттық құрамаға қайта оралады

Неймар
Бразилияның басты жұлдызы Неймар ұлттық құрама сапына қайта қосылмақ. Бразилиялық БАҚ-тың хабарлауынша, бас бапкер Карло Анчелотти шабуылшыны қыркүйек айында өтетін ойындарға шақырады.
Неймар соңғы рет Бразилия құрамасы үшін 2023 жылдың 17 қазанында алаңға шыққан болатын. Содан бері ол жарақат пен ұзақ уақыттық қалпына келу кезеңіне байланысты ұлттық командаға шақыртылмаған еді.
Футбол жанкүйерлері Неймардың оралуы «селесаоға» жаңа серпін беріп, алдағы кездесулерде шешуші рөл ойнайды деп күтуде.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
