2 сағат бұрын

Брендан Роджерс: «Алматыда да жеңе аламыз»

Брендан Роджерс: «Алматыда да жеңе аламыз»

Брендан Роджерс

«Селтиктің» бас бапкері Брендан Роджерс алдағы «Қайратқа» қарсы сырт алаңдағы матч алдында пікір білдірді.

— Біз бірінші таймдағы нәтижеге де, ойынға да көңіліміз толмады. Өйткені тым пассивті болдық. Команда ретінде ойынымыз ойдағыдай шықпады. Екінші таймда жақсырақ ойнадық, жақсы бастай алдық, бірақ алаңның соңғы бөлігінде шешуші сәтті таба алмадық. Соңында бәрін түзету үшін құрамға өзгеріс енгізуге тура келді. Дегенмен футболшыларымыз екінші таймда тәуір ойын көрсетті. Бізге әлі де көп жұмыс қажет, бірақ дәлелдей алатынымыз анық, — деді Роджерс.

Бапкер өз сөзінде өткен маусымдағы мысалды да келтірді:

— Әрине, өз алаңымыздағы мүмкіндіктерді пайдалана алмағанымыз өкінішті. Бірақ былтыр дәл осындай жағдай болды: «Русенборгпен» алғашқы ойында 0:0 есебімен тең түстік. Кейін сырт алаңға барып, өте жақсы ойнап, жеңіске жеттік. Бұл жолы да ешқандай күмән жоқ. Біз Алматыға барып, жеңе аламыз. Бәрі өзімізге байланысты, — деп түйіндеді ол.

«Селтик» пен «Қайраттың» қарымта ойыны Алматыда өтеді.





Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

Астанада пара хоккейден әлем чемпионаты өтеді

Хоккей 11 минут бұрын

Астанада пара хоккейден әлем чемпионаты өтеді

Жүзуден Максим Сказобцов әлем чемпионаты финалына шықты

Басқа 16 минут бұрын

Жүзуден Максим Сказобцов әлем чемпионаты финалына шықты

Шаңғымен трамплиннен секіруден Қазақстанның жазғы кубогы өтеді

Футбол 23 минут бұрын

Шаңғымен трамплиннен секіруден Қазақстанның жазғы кубогы өтеді

Қазақстан еурокубоктық рейтингте көтерілді

Футбол 2 сағат бұрын

Қазақстан еурокубоктық рейтингте көтерілді

Ұлан Қоныспаев «Қайрат» бапкерін сынға алды

Футбол 2 сағат бұрын

Ұлан Қоныспаев «Қайрат» бапкерін сынға алды

Брендан Роджерс: «Алматыда да жеңе аламыз»

Футбол 2 сағат бұрын

Брендан Роджерс: «Алматыда да жеңе аламыз»