2 сағат бұрын
Ұлан Қоныспаев «Қайрат» бапкерін сынға алды

Қайрат
Чемпиондар Лигасы іріктеу кезеңінің финалында «Қайрат» Глазгода «Селтикпен» кездесті. Тартысты өткен ойын голсыз тең нәтижемен (0:0) аяқталды.
Алайда матч соңына қарай жағымсыз жайт орын алды. Шабуылда сенімді ойнап, қорғанысқа келіп көмектесіп жүрген Дастан Сәтпаев ойынның аяқталуына санаулы секундтар қалғанда сары қағаз алып, дисквалификацияға ұшырады. Осылайша ол 26 тамыз күні Алматыда өтетін жауапты қарымта ойынды өткізіп алатын болды.
Матчтан кейін бұрынғы қазақстандық футболшы Ұлан Қонысбаев «Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтинді сынға алды:
— Рафаэль Уразбахтиннің кәсібилігіне қарамастан айтарым бар. Команданың ең үздік ойыншыларының бірі Дастан Сәтпаевтың ескертуі барын біле тұра соңғы минутқа дейін оны амастырмады. Енді біз маңызды әрі тарихи матчқа Дастансыз шығамыз. Бұл — кешірілмейтін қателік, — деді Қонысбаев.
Енді шешуші кездесу 26 тамызда Алматыда өтеді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
