2 сағат бұрын
Шаңғымен трамплиннен секіруден Қазақстанның жазғы кубогы өтеді

Фото: Қазақстан ҰОК
Алматы қаласында шаңғымен трамплиннен секіруден Қазақстан Республикасының жазғы кубогы өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстан Республикасының Ұлттық шаңғы қауымдастығы Кубок ойындары 21-22 тамызда Алматы қаласындағы «Сұңқар» халықаралық трамплин кешенінде болады.
Жарыс бағдарламасы бойынша 21 тамызда К-95 м трамплинінде сайыс (ерлер мен әйелдер) болса, 22 тамызда К-125 м трамплинінде сайыс (ерлер мен әйелдер) жарыс өткізіледі.
Жарыста барлығы 25 спортшы бақ сынайды.
Спорт делегациясының құрамы (спортшылар, жаттықтырушылар, төрешілер) «2025 жылға арналған шаңғымен трамплиннен секіру бойынша негізгі республикалық жарыстар ережесінің» талаптарына сәйкес келеді. Бас төреші міндетін Губченко Александр Васильевич атқарса, бас хатшылық Васильев Юрий Викторовичке жүктелген.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
