26.08.2025

Алматыда жаңа футбол стадионы салынады

Алматыда жаңа футбол стадионы салынады

Алматы

Алматы қаласында халықаралық деңгейдегі 35 мың орындық жаңа футбол стадионының құрылысы жоспарланып отыр. Бұл туралы қалалық әкімдік хабарлады. Арена Күлджін және Талғар трактілерінің арасында орналасатын болады.

Жоба авторларының айтуынша, стадион UEFA-ның 4-санат талабына толық сәйкес келеді. Кешен құрамында жаттығу базалары, жанкүйерлерге арналған демалыс аймақтары, заманауи қауіпсіздік жүйесі және абаттандырылған аумақ қарастырылған.

Әкім Дархан Сатыбалдының сөзінше, бұл жоба мегаполистің спорттық және қалалық инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадам болмақ:

«Алматы — елдің ең ірі қаласы. Халық саны өсіп келеді, жастардың спортқа деген қызығушылығы артып отыр. Біз құрылыс-монтаждау жұмыстарын келесі жылы бастауды жоспарлап отырмыз. Болашақта мұнда метро станциясы мен логистикалық хаб та пайда болады», — деді ол.

Жоба шамамен 15 гектар аумақта жүзеге аспақ. Әкімнің айтуынша, бұл тәжірибе әлемдік стандартқа сай келеді, себебі спорттық нысандардың көбі көлік тораптарының маңында салынады.


Сонымен бірге, Алматының 65 жылдан астам тарихы бар Орталық стадионы сақталып, жаңғыртудан өтеді. Ондағы жеңіл атлетикалық инфрақұрылым қала спорт тарихының бір бөлігі болып қала береді.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

БИІК командасының Еуропа кубогындағы қарсыласы анықталды

Футбол 12 минут бұрын

БИІК командасының Еуропа кубогындағы қарсыласы анықталды

«Ордабасының» УЕФА Жасөспірімдер лигасындағы қарсыласы аныққталды

Футбол 15 минут бұрын

«Ордабасының» УЕФА Жасөспірімдер лигасындағы қарсыласы аныққталды

Дэвис кубогында Қазақстан атынан кімдер сынға түседі?

Теннис 24 минут бұрын

Дэвис кубогында Қазақстан атынан кімдер сынға түседі?

Заңғар Нұрланұлы АҚШ ашық чемпионатында екінші жеңісіне жетті

Теннис 32 минут бұрын

Заңғар Нұрланұлы АҚШ ашық чемпионатында екінші жеңісіне жетті

«Барыс» жолдастық кездесуде «Сибирь» командасын екінші мәрте жеңді

Хоккей 37 минут бұрын

«Барыс» жолдастық кездесуде «Сибирь» командасын екінші мәрте жеңді

«Қайсардың» дәрігері Дидар Жалмұқанның қашан қатарға қосылатынын айтты

Футбол 3 сағат бұрын

«Қайсардың» дәрігері Дидар Жалмұқанның қашан қатарға қосылатынын айтты