Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

26.08.2025

Қазақстаннан алғаш рет Virtus халықаралық федерациясының басқару құрамына мүшесі енді

Қазақстаннан алғаш рет Virtus халықаралық федерациясының басқару құрамына мүшесі енді

Қазақстан тарихында алғаш рет Virtus халықаралық федерациясының басқару құрамына ел өкілі енді, деп хабарлайды Sport12.kz

Республикалық қоғамдық бірлестік «IDSPORT Kazakhstan» президенті Дина Темірғалиева 2025–2029 жылдарға Virtus Governing Board мүшесі болып сайланды.

Шешім 2025 жылғы 25 тамызда Таиландтың Бангкок қаласында өткен Virtus Asia Бас Ассамблеясында дауыс беру арқылы қабылданды. Осылайша, Қазақстан Virtus-тың жетекші органында алғаш рет ұсынылды.

«Бұл шешім Қазақстанның халықаралық аренадағы еңбегіне берілген жоғары баға. Мен үшін алдағы төрт жыл үлкен жауапкершілік пен сын. Соңғы екі жылда біз үш әлем чемпионатын өткізіп, халықаралық жарыстарға белсенді қатысып, Қазақстанның жоғары деңгейде ұйымдастыруға қабілетті екенін көрсеттік», — деді Дина Темірғалиева.

Virtus туралы

Virtus — 35 жылдан астам тарихы бар халықаралық спорт федерациясы. Қазіргі таңда Virtus құрамында 100-ден астам ел және 7 000-нан астам спортшы бар. Паралимпиялық ойындардың бағдарламасына интеллектуалдық ерекшелігі бар спортшыларға арналған үш спорт түрі енгізілген: жүзу, жеңіл атлетика және үстел теннисі.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»