27.08.2025
«Қайратты» Чемпиондар лигасының алып шыққан басты қаһарманның есімі белгілі болды

Жас футболшылардың ойынын бақылап отыратын Rising Stars XI әлеуметтік желідегі аккаунты алматылық «Қайрат» қақпашысы Темірлан Анарбековтың «Селтикке» қарсы плей-оффтағы қарымта ойынындағы өнеріне тәнті болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
21 жастағы Темірлан алғашқы ойында жарақат алған негізгі қақпашы Александр Заруцкийдің орнына алаңға шығып, Алматыдағы Орталық стадионда өткен матчтың басты кейіпкеріне айналды. Негізгі және қосымша уақыт тең аяқталды (0:0). Ал пенальти сериясында «Қайрат» 3:2 есебімен жеңіске жетті.
— Темірлан Анарбеков сөздің тура мағынасында «Қайратты» 2025/26 маусымындағы Чемпиондар лигасына алып шықты.
- матчтың үздік ойыншысы;
- үш пенальтиді қайтарды;
- бес сейв жасады;
- қақпасын «құрғақ» сақтады.
- Нағыз батыр! — деп жазды аталған ресурс.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
