5 сағат бұрын
«Қайрат» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин: Александр Кержаковтың да еңбегі бар

Алматылық «Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин команданың соңғы тарихи жетістігіне байланысты пікір білдіріп, бұл табысқа бұрынғы жаттықтырушы Александр Кержаковтың да қосқан үлесі бар екенін атап өтті, деп хабарлайды Sport12.kz сайты Championat.com сайтына сілтеме жасап.
— Александр Кержаковтың еңбегін атап өтпеуге болмайды. Біріншіден, бұл Сорокин мен Мартыновичті шақырғанынан да байқалады. Егер Кержаков болмағанда, олардың келуі екіталай еді. Өткен жылы біз чемпион атанған кезде мен онымен хабарласып, бұл жетістікке оның да еңбегі бар екенін айттым. Александр командада белгілі бір кезең жұмыс істеді. Сол уақытта «Қайрат» көп ұпай жинады. Сондықтан бүгінгі табыста оның да үлесі бар, — деді Уразбахтин.
Айта кетейік, «Қайрат» жақында тұңғыш рет Чемпиондар Лигасының жалпы кезеңіне жолдама алды.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
