4 сағат бұрын
Танымал шетелдік басылым «Қайраттың» жалпы кезеңдегі мүмкіндігін бағалады

Белгілі Goal порталы УЕФА Чемпиондар Лигасы 2025/26 маусымының басты фавориттері рейтингін жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz
Сарапшылардың пікірінше, басты үміткер - қазіргі чемпион «Пари Сен-Жермен». Ал үздік бестікке «Барселона», мадридтік «Реал», лондондық «Арсенал» және «Ливерпуль» енген.
Қазақстандық «Қайрат» бұл тізімде 35-орыннан көрінсе, әзербайжандық «Қарабах» 36-орынды иеленді.
Топ-10 тізімі мынадай:
- ПСЖ
- «Барселона»
- «Арсенал»
- «Ливерпуль»
- «Реал» (Мадрид)
- «Бавария»
- «Челси»
- «Манчестер Сити»
- «Интер»
- «Тоттенхэм»
Айта кетейік, Чемпиондар Лигасының қазіргі жеңімпазы — ПСЖ. Өткен маусым финалында париждіктер «Интерді» 5:0 есебімен ойсырата жеңген болатын. Бұдан бөлек, француз клубы УЕФА Суперкубогін де олжалап, ағылшынның «Тоттенхэмін» пенальти сериясында (2:2, 4:3 пен.) тізе бүктірді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
