2 сағат бұрын
«Реал Мадрид» «Қайратпен» Алматыда ойнайтын болды

Алматылық «Қайрат» командасының футболдан UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңіндегі қарсыласы анықталды.
Дәл қазір Францияның Монако қаласында аталған турнирдің жеребе тарту рәсімі болды.
Әзірге алматылық клубтың «Реал Мадрид» (Испания), «Интер» (Италия), «Арсенал» (Англия), «Брюгге» (Бельгия) секілді қарсыластары белгілі болды.
Еліміздің атынан аталған турнирде алматылық «Қайрат» сынға түсіп жатыр. Қазақстандық команда доп додасында барлығы 8 ойын өткізеді. Оның 4-еуі өз алаңында болса, 4-еуі сырт алаңға жоспарланған.
Негізгі кезеңде барлығы 36 команда сынға түседі. Бірінші тур биыл 16 қыркүйекте басталса, сегізінші тур 2026 жылдың 28 қаңтарында болады. Ал плей-офф 16-18 ақпан, 1/8 финал 10-11 наурыз, ¼ финал 7-8 сәуір, ½ финал 28-29 сәуір, финал 30 мамырға белгіленген.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
