6 сағат бұрын

«Қайраттың» футболдан Чемпиондар лигасы негізгі кезеңіндегі қарсыластары анықталды

«Қайраттың» футболдан Чемпиондар лигасы негізгі кезеңіндегі қарсыластары анықталды

Алматылық «Қайрат» командасының футболдан UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңіндегі қарсыластары анықталды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Дәл қазір Францияның Монако қаласында аталған турнирдің жеребе тарту рәсімі болды. 

Алматылық клуб енді «Реал Мадрид» (Испания), «Интер» (Италия), «Арсенал» (Англия), «Брюгге» (Бельгия), «Спортинг» (Португалия), «Олимпиакос» (Грекия), «Пафос» (Кипр), «Копенгаген» (Дания) клубтарымен ойнайды.

Еліміздің атынан аталған турнирде алматылық «Қайрат» сынға түсіп жатыр. Қазақстандық команда доп додасында барлығы 8 ойын өткізеді. Оның 4-еуі өз алаңында болса, 4-еуі сырт алаңға жоспарланған.

Қазақстандық команда «Реал Мадрид», «Брюгге», «Олимпиакос» және «Пафос» клубтарын Алматыда қабылдайды.  

Негізгі кезеңде барлығы 36 команда сынға түседі. Бірінші тур биыл 16 қыркүйекте басталса, сегізінші тур 2026 жылдың 28 қаңтарында болады. Ал плей-офф 16-18 ақпан, 1/8 финал 10-11 наурыз, ¼ финал 7-8 сәуір, ½ финал 28-29 сәуір, финал 30 мамырға белгіленген.

Жарыс ережесіне сәйкес 1-8 орын алған командалар бірден 1/8 финалға жолдама алады. Ал 9-24 орын алған клубтар 1/16 финалда сынға түсіп, жарыстың келесі сатысына шығады. Қалған командалар еурододадағы жарыс жолын аяқтайды.

Алматылық футболшылар аталған турнирдің алғашқы үш іріктеу кезеңінде Словенияның «Олимпия» (1:1, 2:0), Финляндияның КуПС клубтарын (0:2, 3:0), Словакияның «Слован» (1:0, 0:1, пенальтиден 4:3) командасын қапы қалдырып кетті.

Ал плей-офф кезеңінде Шотландияның «Селтик» командасын (0:0, 0:0, пенальтиден 3:2) жеңіп, негізгі кезеңге жолдама алған еді.

Қазақстандық команда еліміздің атынан Чемпиондар лигасының жаңартылған нұсқасында бақ сынайтын алғашқы команда атанып отыр.

Қазірге дейін 2015/2016 жылғы маусымда елордалық «Астана» командасы Чемпиондар лигасы топтық кезеңінде сынға түскен еді. 



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

Иван Ромазан мемориалы: «Барыс» бүгін «Металлург»  командасымен кездеседі

Хоккей 4 сағат бұрын

Иван Ромазан мемориалы: «Барыс» бүгін «Металлург» командасымен кездеседі

Юлия Путинцева US Open-2025 турнирін аяқтады

Футбол 5 сағат бұрын

Юлия Путинцева US Open-2025 турнирін аяқтады

«Қайраттың» бас бапкері: «Реалмен» ойнайтынымызға қатты қуаныштымыз

Футбол 6 сағат бұрын

«Қайраттың» бас бапкері: «Реалмен» ойнайтынымызға қатты қуаныштымыз

Футболдан Бірінші лигада «Каспий» қарсыласынан ұзап кетті

Футбол 6 сағат бұрын

Футболдан Бірінші лигада «Каспий» қарсыласынан ұзап кетті

«Қайраттың» футболдан Чемпиондар лигасы негізгі кезеңіндегі қарсыластары анықталды

Футбол 6 сағат бұрын

«Қайраттың» футболдан Чемпиондар лигасы негізгі кезеңіндегі қарсыластары анықталды

Оңтүстік Кореядағы таэквондодан Гран-при кезеңінде ел құрамасынан кімдер сынға түседі

Басқа 6 сағат бұрын

Оңтүстік Кореядағы таэквондодан Гран-при кезеңінде ел құрамасынан кімдер сынға түседі