6 сағат бұрын
«Қайраттың» бас бапкері: «Реалмен» ойнайтынымызға қатты қуаныштымыз

Алматылық «Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Чемпиондар лигасының 2025/26 жылғы маусымының жалпы кезеңіне қатысты жеребе нәтижесіне пікір білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz
Бұл сында қазақстандық клуб «Реал» (Мадрид), «Интер», «Арсенал», «Брюгге», «Олимпиакос», «Спортинг», «Пафос» және «Копенгагенмен» ойнайды.
— «Реалмен» ойнайтынымызға қатты қуаныштымыз. Қазақстанға мұндай клуб жиі келе бермейді. Жеребе тарту кезінде біз үшін ең бастысы – мықты қарсыластарға жолығу еді. Оның ішінде «Реал», «Интер», «Арсенал» бар.
Жалпы жеребенің қорытындысына ризамыз. «Реал» туралы көп айтудың қажеті жоқ. Ол – әлемдік деңгейдегі бренд. «Интер» соңғы жылдары Чемпиондар лигасында тұрақты өнер көрсетіп жүр. «Арсенал» жартылай финалда ойнап, Англия чемпиондығына тұрақты түрде таласады. Ал «Брюгге», «Спортинг», «Олимпиакос», «Пафос», «Копенгаген» – өз елдерінің чемпиондары. Қарсыластардың деңгейі өте жоғары», – деді Уразбахтин.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
