1 күн бұрын
Футболдан Қазақстан құрамасы жиынына «Тобыл» ойыншылары қосылды (ФОТО, ВИДЕО)

Фото: ҚФФ
Футболдан Қазақстан құрамасы Астана қаласында алдағы қыркүйек айында өтетін әлем чемпионаты іріктеу кезеңіне дайындалып жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ұлттық құрама жиынының екінші күнінде құрама сапына қостанайлық "Тобыл" сапынан Ислам Чесноков, Дінмұхамед Қараман және Наурызбек Жагоров қосылды.
йта кетейік, қазақстандық футболшылар қыркүйекте «Астана Аренада» Уэльсті қабылдап, сырт алаңда Бельгиямен кездеседі.
Қазақстан құрамасының толық тізімі төмендегіше:
Қақпашылар: Мұхаммеджан Сейсен («Астана»), Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»);
Қорғаушылар: Әлібек Қасым, («Ақтөбе»), Ян Вороговский («Астана»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Наурызбек Жагоров («Тобыл»), Еркін Тапалов («Қайрат»), Сергей Малый, Ұлар Жаксыбаев, Сұлтанбек Астанов (бәрі – «Ордабасы»);
Жартылай қорғаушылар: Ислам Чесноков («Тобыл»), Бактиер Зайнутдинов («Динамо Мәскеу», Ресей), Рамазан Оразов, Алмас Төлібай, Ғалымжан Кенжебек (бәрі – «Елімай»), Дәурен Жұмат, Серікжан Мужиков (екеуі де – «Оқжетпес»), Дінмұхамед Қараман («Жеңіс»), Бағдат Қайыров («Ақтөбе»), Дамир Қасабулат («Қайрат»);
Шабуылшылар: Оралхан Өміртаев («Ақтөбе»), Максим Самородов («Ахмат», Ресей), Дастан Сатпаев («Қайрат»), Иван Свиридов («Елімай»).
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
