1 күн бұрын

Александр Бублик АҚШ ашық чемпионатының төртінші айналымына шықты

Александр Бублик АҚШ ашық чемпионатының төртінші айналымына шықты

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстанның бірінші, әлемнің 24-ракеткасы Александр Бублик АҚШ ашық чемпионатының төртінші айналымына шықты, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл жөнінде Қазақстан теннис федерациясы Sport12.kz ақпараттық агенттігіне мәлім етті.

Қазақстандық теннисші үшінші айналымда әлемнің 14-ракеткасы, америкалық Томми Полға қарсы келді.

Бірінші партияда тай-брейкте Бублик шеберлік танытты. Екіншісінде Пол есе қайырды — 7:6 (7:4). Үшінші сетте қазақстандық теннисші брейк жасап, сол басымдылықты сақтап қалды — 6:3. Төртінші сетте тай-брейкте Т.Пол табандылық көрсетті — 7:6 (7:5). Бесінші, шешуші партияда Бублик бет қаратпады — 6:1.

Үш сағат 37 минутқа созылған тартысты бәсекеде Бублик 22 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың үшеуін құр жібермеді.

Александр Бублик ширек финалға шығу үшін әлемнің 1-ракеткасы, италиялық Янник Синнермен шеберлік байқастырады.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

Шахматтан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына қанша ақша жұмсалатыны белгілі

Басқа

Шахматтан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына қанша ақша жұмсалатыны белгілі

Атақты футболшы Беллингем Ақтөбе қаласына келетін болды

Футбол 20 минут бұрын

Атақты футболшы Беллингем Ақтөбе қаласына келетін болды

Спорттық құзға өрмелеуден Азия кубогы кезеңінде алтын алды

Басқа 32 минут бұрын

Спорттық құзға өрмелеуден Азия кубогы кезеңінде алтын алды

Таэквондодан 21 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасының аға бапкерлері тағайындалды 

Хоккей 37 минут бұрын

Таэквондодан 21 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасының аға бапкерлері тағайындалды 

Бактиер Зайнутдинов тағы да ұлттық құрамаға көмектеспейді

Футбол 47 минут бұрын

Бактиер Зайнутдинов тағы да ұлттық құрамаға көмектеспейді

40 жастағы Криштиану Роналду Португалия құрамасына шақырту алды

Футбол 1 сағат бұрын

40 жастағы Криштиану Роналду Португалия құрамасына шақырту алды