3 күн бұрын
Бактиер Зайнутдинов тағы да ұлттық құрамаға көмектеспейді

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов алдағы ӘЧ-2026 іріктеу кезеңіндегі Уэльс пен Бельгияға қарсы ойындарды жарақатына байланысты өткізбейді, деп хабарлайды Sport12.kz
2025 жылы Зайнутдинов ұлттық құрама сапында бірде-бір ойын өткізген жоқ. Ол сондай-ақ Мәскеудің «Динамо» сапында да соңғы кезде алаңға шықпай жүр.
Зайнутдинов соңғы рет 17 тамыз күні ЦСКА-ға қарсы (1:3) өткен матчта алаңға шыққан болатын. Ресми түрде жарақаты жайлы хабарланбаса да, футболшы ұлттық құрамаға шақыртылған еді. Енді белгілі болғандай, ол алдағы ойындарға қатыспайды.
Еске сала кетейік, Бактиер Зайнутдинов 2025 жылдың жазында Түркияның «Бешикташынан» «Динамоға» ауысқан.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
