3 күн бұрын
«Қайрат» клубының бас бапкері Чемпиондар лигасының жеребесіне өкінішін білдірді

Рафаэль Уразбахтин Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі жеребеге байланысты өз ойын айтты, деп хабарлайды Sport12.kz
- Көпшілігі «Реалға», «Арсеналға» түскеніне қуанды. Мен «Ливерпульді» қалағанмын. Бірақ «Арсенал» да мықты команда. Плей-оффта олармен кездесу ме? Әзірге ол жаққа көз салып жатқан жоқпыз. Бізге әр матчты ойнау маңызды. Ең бастысы — осындай командаларды Қазақстанға алып келетінімізге қуаныштымыз. Біздің жанкүйерлер, қазақстандықтар бұл алып клубтарды өз көзімен көре алады. Біз үшін ең үлкен қуаныш — осы, - деді бас бапкер.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
