3 күн бұрын
Қайрат Нұрдәулетов: футболшылар жанкүйерге толы стадионда ойнауға дайын еместігін айтты

— 2009 жылдан бері біздің өз алаңымызда мұншама жанкүйер жиналмаған еді. Ойыншылардың өзі мұндай атмосфераға үйренбегенін айтты. Бірақ дәл сол трибуналардың қолдауы қосымша мотивация беріп, соңына дейін күресуге көмектесті. Белсенді қолдау үшін жанкүйерлерімізге алғыс айтқым келеді. Осындай атмосферада «Оқжетпестің» болашақта ілгерілеуге барлық мүмкіндігі бар. Кездесудің екінші таймында кейбір алмастырулар ойынды күшейту үшін қажет болды. Біз қалған матчтарда «Тұранға» және «Астанаға» қарсы соңына дейін күресеміз, — деді Нұрдәулетов.
Айта кетейік, Қазақстан Премьер-Лигасының 22-турында «Оқжетпес» өз алаңында «Қайраттан» 0:1 есебімен жеңіліп қалды. Осы ойыннан кейін көкшетаулықтар 32 ұпаймен алтыншы орында қалды. Ал «Қайрат» 46 ұпаймен турнир кестесінде екінші орынға көтерілді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
