8 сағат бұрын
«Қайсардың» дәрігері Дидар Жалмұқанның қашан қатарға қосылатынын айтты

Фото: «Қайсар» футбол клубы
Қызылордалық «Қайсар» футбол командасының жартылай қорғаушысы Дидар Жалмұқанның жарақатынан қашан айығатыны белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жайында команданың бас дәрігері Сәкен Дөңесов айтып берді.
- Дидар жарақатына байланысты Мәскеуге барып тексеріліп қайтты. Бұл жөнінде Астанадағы дәрігерлермен ақылдастық. Дегенмен Дидардың қалпына келуі үшін ұзақ уақыт кетеді екен. Әзірге қашан қатарға қосылатынын нақты айту қиын. Бәлкімн, биылғы маусымның соңында жасыл алңға шығуы мүмкін, - деді ол.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
