3 сағат бұрын
Қазақстан - Уэльс матчының бірінші таймы аяқталды

Астанада футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан ұлттық құрамасы Уэльс командасын қабылдауда, деп хабарлайды Sport12.kz.
Алғашқы тайм қорытындысы бойынша қазақстандықтар қарсыласына 0:1 есебімен жол берді. 25-минутта қонақтар сапынан Киффер Мур гол соқты.
Бұл кездесуге Қазақстан келесі құрамда шықты: Анарбеков, Қасым, Малый, Әліп, Қайров, Оразов, Қасабулат, Вороговский, Сәтпаев, Кенжебек, Самородов.
Еске сала кетсек, матч алдында Қазақстан құрамасының қоржынында үш ұпай, ал Уэльстің еншісінде жеті ұпай бар еді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
