3 сағат бұрын
Футболдан Әйелдер лигасында «Ақтөбе» «Тұран-Түркістанмен» тең түсті

Фото: ҚФФ
Футболдан Әйелдер лигасында ХХ тур мәресіне жетті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жолы шымкенттік «Ақтөбе» сырт алаңда түркістандық «Тұран-Түркістан» командасымен шеберлік байқасты.
Кездесу барысында командалар 0:0 есебіне қанағат білдіріп тарасты. Бұл - ақтөбелік клубтың ел біріншілігіндегі екінші тең ойыны. Қалған 18 кездесуде олар бірде-бір мәрте жеңіліп көрген жоқ.
Аталған ойыннан кейін «Ақтөбе» 20 ойыннан кейін 56 ұпаймен бірінші орынға көтерілді.
Аталған турдағы өзге ойын нәтижелері төмендегіше:
1 қыркүйек
«Жеңіс» (Астана) - «Қызылжар» (Петропавл) 3:0
«Оқжетпес» (Көкшетау) - «Елімай» (Семей) 0:11
«Атырау» - «Қайрат» (Алматы) 0:6
«Тобыл» (Қостанай) - «Ұлытау» (Жезқазған) 0:2
«Қайсар» (Қызылорда) - «Астана» 2:2.
3 қыркүйек
«Жетісу» (Талдықорған) - БИІК (Шымкент) 0:7.
Федерация талабымен ерлер клубтарының жанынан биыл әйелдер құрамалары құрылған. Өткен жылы чемпионатқа тек 4 өңірден 5 команда ғана тіркелген еді.
Әр команда сапында кемінде қазақстандық футбол мектебінің 13 түлегі болуға тиіс деген талап қойылып отыр.
Еске салсақ, бұған дейін БИІК командасының Еуропа кубогындағы қарсыласы анықталғаны туралы жаздық.
https://kaz.inform.kz/news/bik-komandasinin-europa-kubogindagi-karsilasi-aniktaldi-616e8c/
Әділжан Үмбет.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
