5 сағат бұрын

Әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы Уэлське есе жіберді

Әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы Уэлське есе жіберді

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Бүгін футболдан Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі төртінші ойынын Уэльске қарсы өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Алғашқы минуттан Қазақстан:құрамасы сапында Темірлан Анарбеков, Ян Вороговский, Сергей Малый, Әлібек Касым, Нұралы Әліп, Бағдат Қайыров, Рамазан Оразов, Дамир Қасаболат, Ғалымжан Кенжебек, Максим Самородов, Дастан Сәтпаев шықты.

Кездесу барысында уэльстік футболшылар алғашқы минуттан белсенділік көрсетті. Алаңның қос қанатынан жиі шабуыл ұйымдастырды. Оған қазақстандық қорғаушылар лайықты деңгейде төтеп бере білді. 

Сондай-ақ алаң иелері де қарсы шабуылға шықты. Осындай сәттің бірінде қазақстандық жартылай қорғаушы Ғалымжан Кенжебек гол соғатын мүмкіндігін мүлт жіберіп алды. Оның тепкен добы қақпа бағанасынан сәл қиыс кетті. 

Ойынның 25-минутында уэльстік Киффер Мур көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. 

Осылайша Қазақстан құрамасы қарсыласына 0:1 есебімен жол берді.

Құрамалар J тобында сынға түсіп жатыр. Қазірге дейін 3 ойыннан кейін Уэльс құрамасы 6 ұпаймен екінші орында тұрса, төртінші орындағы Қазақстанның 3 ұпайы бар. Олардан басқа аталған топта Солтүстік Македония, Уэльс және Лихтенштейн сынға түседі.

Қазірге дейін қазақстандық футболшылар Уэльс (1:3) пен Солтүстік Македония (0:1) құрамаларынан жеңіліп, Лихтенштейннен (2:0) басым түсті.. 

Сондай-ақ ұлттық құрама 7 қыркүйекте сырт алаңда Бельгиямен кездеседі.

Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

Тоғамбай Сағындық келесі кезеңге жолдама алды

Бокс 2 сағат бұрын

Тоғамбай Сағындық келесі кезеңге жолдама алды

Боксшы Элина Базарова жаһандық додадан тыс қалды

Бокс 4 сағат бұрын

Боксшы Элина Базарова жаһандық додадан тыс қалды

Әли Әлиев Қазақстан құрамасының дамып келе жатқанын айтты

Футбол 4 сағат бұрын

Әли Әлиев Қазақстан құрамасының дамып келе жатқанын айтты

Темірлан Анарбеков құрама тұсаукесер ойыны жөнінде пікірін білдірді

Футбол 5 сағат бұрын

Темірлан Анарбеков құрама тұсаукесер ойыны жөнінде пікірін білдірді

Дастан Сәтпаев Қазақстан - Уэльс кездесуінде ең нашар ойыншы деп бағаланды