5 сағат бұрын
Дастан Сәтпаев Қазақстан - Уэльс кездесуінде ең нашар ойыншы деп бағаланды

Фото: kazfootball.kz
Flashscore.com сайты 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі Қазақстан құрамасының Уэльспен (0:1) кездесуінде қазақстандық ең нашар ойнаған футболшыны атады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ел құрамасынан қорғаушы Нұралы Әліп ең жоғары 7 баллды еншіледі. Ал ең нашар ойыншы ретінде Дастан Сәтпаев пен Рамазан Оразов небәрі 6,1 баллды еншіледі.
Қазірге дейін қазақстандық футболшылар Уэльс (1:3) пен Солтүстік Македония (0:1) құрамаларынан жеңіліп, Лихтенштейннен (2:0) басым түсті.
Енді ұлттық құрама 7 қыркүйекте сырт алаңда Бельгиямен кездеседі.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
