4 сағат бұрын
Темірлан Анарбеков құрама тұсаукесер ойыны жөнінде пікірін білдірді

Фото: ҚФФ
Футболдан Қазақстан құрамасының қақпашысы Темірлан Анарбеков Уэльспен (0:1) кездесудегі тұаукесер ойыны жөнінде пікірін білдірді, леп хабарлайды Sport12.kz.
- Мен бүгін тұсауксер ойын өткіздім. Негізгі құрамда шығатынымды естігенде қуандым. Жауапкершілікті сезіндім. Гол жібермеуге тырыстым. Жеңіске жетуге күш салған едік. Алған жарақатыма байланысты дәрігерлер көп көмегін тигізді. Кездесуге толықтай дайын болдым, - деді ол.
Темірлан Анарбеков қазақстандық жанкүйерлерге Чемпиондар лигасындағы «Қайрат» пен «Селтик» кездесуінен жақсы танымал болды. Ол ойын соңындағы пенальти сериясында қарсылас команданың үш соққысын қайтарып, өз командасын аталған турнирдің негізгі кезеңіне алып шықты.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
