2 күн бұрын

Месси Аргентинадағы соңғы матчын өткізді

Месси Аргентинадағы соңғы матчын өткізді

Лионель Месси

Лионель Месси, 38 жастағы аргентиналық шабуылшы, ұлттық құрамадағы соңғы ойынын өз елінде өткізуі мүмкін. Венесуэлаға қарсы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчында Месси дубль жасап, Аргентина 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Ойыннан кейін Месси жанкүйерлерге алғысын айтып, толқып сөйледі:

«Көп жыл бойы әр ойынды бірге өткіздік, мен өте бақыттымын. Аргентинада жанкүйерлер алдында ойнау – мен үшін үлкен қуаныш. «Барселонада» мені жақсы көрді, дәл сондай махаббатты өз елімнен де сезіндім. Бұл – арманым еді», – деді ол.

Аргентина келесі матчта сырт алаңда Эквадормен кездеседі. Қалай болғанда да, команда қазірдің өзінде АҚШ, Канада және Мексикада өтетін 2026 жылғы әлем чемпионатына жолдама алды.

Месси мансабын ұлттық құрамада аяқтау туралы нақты шешім қабылдамағанын айтты:

«Әлі де ойнағым келеді. Әзірге шешім қабылдаған жоқпын, бәрін уақыт көрсетеді», – деді ол.

Айта кетейік, Венесуэлаға қарсы Буэнос-Айрестегі матч оның өз еліндегі соңғы іріктеу ойыны болғанын өзі де растады.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

Данил Васильев FIS кубогында қола медаль жеңіп алды

Басқа 21 минут бұрын

Данил Васильев FIS кубогында қола медаль жеңіп алды

Қазақстан 32 жылдан кейін садақ атудан әлем чемпионатында жүлде алды

Басқа 52 минут бұрын

Қазақстан 32 жылдан кейін садақ атудан әлем чемпионатында жүлде алды

Әлем чемпионы Нұрбек Оралбай айқын жеңіске жетті

Бокс 2 сағат бұрын

Әлем чемпионы Нұрбек Оралбай айқын жеңіске жетті

Каратэ спортынан Аустриядағы жарыста Еркінбек Байтөреев қола жүлдегер атанды

Басқа 2 сағат бұрын

Каратэ спортынан Аустриядағы жарыста Еркінбек Байтөреев қола жүлдегер атанды

Қазақстан футбол құрамасы маңызды футболшысынан айырылды

Футбол 2 сағат бұрын

Қазақстан футбол құрамасы маңызды футболшысынан айырылды

Махмұд Сабырхан келесі кезеңге өтті

Бокс 3 сағат бұрын

Махмұд Сабырхан келесі кезеңге өтті