2 күн бұрын
«Жеңіс» клубының бас бапкері қатаң жаза алды

27 тамыз 2025 жылы Қазақстан футбол федерациясының Қадағалау, тәртіптік және этикеттік комитетінің отырысы өткізілді, деп хабарлайды Sport12.kz
Жиын барысында «Жеңіс» клубы айыппұл арқалап, бас бапкері алдағы ойындардан шеттетілді.
- «Жеңіс» – «Астана» командалары арасындағы 2025 жылғы Қазақстан чемпионаты 22-турындағы матчта ресми тұлғаларға бағытталған қаралау сөздері мен этикаға тыс әрекет жасағаны үшін, «Жеңіс» командасының бас бапкері Андрей Демченко ДР-дың 45-бабының 1) тармақшасына сәйкес 4 (төрт) матчқа шеттетілді. Шеттетілу мерзімі 2025 жылғы 24 тамыздан басталады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
