2 күн бұрын
Луис Суарес жариялы түрде кешірім сұрады

«Интер Майами» клубының уругвайлық шабуылшысы Луис Суарес «Сиэтл Саундерс» клубына қарсы Лигалар кубогының финалдық матчынан кейінгі орынсыз қылығы үшін көпшілік алдында кешірім сұрады, деп хабарлайды Sport12.kz
Уругвайлық шабуылшы өз әлеуметтік желідегі ресми үндеуінде 1 қыркүйекте орын алған оқиғаны мойындады. Сол кезде ол қарсыласқа түкірген.
«Финалдық ысқырықтан кейін болған жағдай үшін шын жүректен кешірім сұраймын. Менің әрекетім мүлдем орынсыз болды және ондайға жол берілмеуі тиіс еді. Кәсіби спортшы әрі көпшілікке үлгі болатын адам ретінде қандай жағдай болса да, эмоциямды бақылауым қажет. Бұл оқиғаға және әсіресе жас жанкүйерлерге жаман үлгі көрсеткеніме қатты өкінемін. «Сиэтл Саундерсті» әділ жеңісімен және таза ойынымен құттықтаймын», – деп жазды футболшы өз әлеуметтік желісінде.
Айта кетейік, Луис Суарес «Интер Майами» сапында 2024 жылдың қаңтарынан бері ойнап келеді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
