21 сағат бұрын
Али Алиев: Қазақстан құрамасы Бельгияға тосынсый дайындап жатыр

Фото: ҚФФ
Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Али Алиев бүгін әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі Бельгиямен кездесуде қандай тактикалық өзгерістер болатынын атап өтті, деп хабарлайды Sport12.kz.
- Бұл ойында тактикалық өзгерістер көбірек болады. Кешке теориялық жаттығу өткіземіз, Бельгияның қалай ойнайтынын көрсетеміз және ойында тосынсый дайындауға тырысамыз, - деді ол.
Кездесу қазақстандық уақытпен 23:35-те басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Құрамалар J тобында сынға түсіп жатыр. Қазірге дейін 4 ойыннан кейін Уэльс құрамасы 10 ұпаймен бірінші орында тұрса, одан кейінгі орындардағы Солтүстік Македонияның 8, Бельгияның 7, Қазақстанның 3 ұпайы бар. Әзірге Лихтенштейннің қоржыны бос.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
