18 сағат бұрын
Қазақстан құрамасы Бельгиядан жеңіліп жатыр

Фото: ҚФФ
Бүгін футболдан Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі бесінші ойынында бірінші кезеңнен кейін Бельгиядан жеңіліп жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz.
Алғашқы минуттан бельгиялық футболшылар тізгінді өз қолында ұстауға тырысты. Нәтижесінде олар Қазақстан құрамасы қақпасы маңында жиі бой көрсетті. Олардың қарқынына қазақстандық қорғаушылар лайықты төтеп беріп жатты. Кейбір сәтте қақпашы Мұхаммеджан Сейсен әбжіл қимыл көрсетіп, гол соғуға мүмкіндік берген жоқ.
Соған қарамастан Кевин де Брeйне 42, Жереми Докю 44-минутта гол соғып кетті.
Осылайша бірінші кезең 2:0 есебімен Бельгияның басымдығымена яқталды.
Құрамалар J тобында сынға түсіп жатыр. Қазірге дейін 4 ойыннан кейін Уэльс құрамасы 10 ұпаймен бірінші орында тұрса, одан кейінгі орындардағы Солтүстік Македонияның 8, Бельгияның 7, Қазақстанның 3 ұпайы бар. Әзірге Лихтенштейннің қоржыны бос.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
