19 сағат бұрын

Қазақстан сырт алаңда ойсырай жеңілді

Қазақстан сырт алаңда ойсырай жеңілді

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы сырт алаңда Бельгияға есе жіберді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Алаң иелері ысқырық шалған беттен ойын тізгінін қолдарына алып, жылдам гол соғуға тырысты. Кевин Де Брюйне, Шарль де Кетеларе, Жереми Доку сынды футболшылар Қазақстан қақпасын үнемі мазалап, 1-таймда 19 соққы бағыттап үлгерді. Жерлестеріміз тек бірінші соңында ғана Кевин Де Брюйнеден көз жазып қалды. Әлемнің ең үздік ойыншыларының бірі саналатын көшбасшы ойыншы айналдырған 2 минуттың ішінде алдымен гол соғып, артынша Жереми Докуге нәтижелі пас шығарып берді. 

Екінші таймда бас бапкер Дастан Сәтпаев пен Ислам Чесноковты шығарғанымен, ойын барысы айтарлықтай өзгермеді. Алаң иелері жылдам әрі жиі алға ұмтылуының арқасында Николас Раскин (51-минут), Жереми Доку (60-минут), Кевин Де Брюйне (84-минут), Томас Меньё (87-минут) көзге түсті. Өкінішке қарай, Қазақстан құрамасы бұл матчта Муроджон Халматов, Дінмұхамед Қараманның дебютімен және Дастан Сәтпаевтың соққысымен ғана есте қалды. Қорытынды есеп: 6:0.

Енді Қазақстан құрамасы 10 қазан күні өз алаңында Лихтейнштейнді қабылдайды.

Осы жеңілістен кейін Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының финалдық кезеңіне шығудан толықтай үміт үзді деуге болады.

Дәл қазіргі сәтте J тобында 5 ойыннан кейін Солтүстік Македония құрамасы 11 ұпаймен бірінші орында тұрса, одан кейін 10 ұпаймен Бельгия мен Уэльс жайғасты. Қазақстанның 3 ұпайы бар. Лихтенштейннің қоржыны бос.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

Руслан Мадиев кәсіпқой бокстағы чемпиондық атағын қорғайды

Бокс 29 минут бұрын

Руслан Мадиев кәсіпқой бокстағы чемпиондық атағын қорғайды

Сағындық Тоғамбай тартысты жекпе-жекте жеңіске жетті

Бокс 1 сағат бұрын

Сағындық Тоғамбай тартысты жекпе-жекте жеңіске жетті

Футболдан әйелдер лигасында «Ақтөбе» «Оқжетпесті» тағы да ірі есеппен жеңді

Футбол 2 сағат бұрын

Футболдан әйелдер лигасында «Ақтөбе» «Оқжетпесті» тағы да ірі есеппен жеңді

Төрехан Сабырхан әлем чемпионатының ширек финалына шықты

Бокс 2 сағат бұрын

Төрехан Сабырхан әлем чемпионатының ширек финалына шықты

Гүлсая Ержан әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Бокс 3 сағат бұрын

Гүлсая Ержан әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Күрес түрлерінен әлем чемпионатына баратын команда құрамы белгілі

Күрес 3 сағат бұрын

Күрес түрлерінен әлем чемпионатына баратын команда құрамы белгілі