18 сағат бұрын

Али Алиев өз еркімен қызметінен кете ме?

Али Алиев өз еркімен қызметінен кете ме?

Фото: ҚФФ

Сәл уақыт бұрын футболдан Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңінде Бельгиядан 0:6 есебімен ойсырай жеңілді. 

Отандастарымыз үш күн бұрын өз алаңында Уэльс құрамасына 0:1 есебімен жол берген еді.

Шынын айта керек, бүгінгі ойында қазақстандық футболшылар өте өрескел қателік бой алдырды. Салдарынан өз қақпасына жауапсыз үш гол жіберіп алды. Кінәні кімнен іздейміз? Әрине, алдымен ойға бас бапкер оралады. Кез-келген есепке бас бапкер жауапкер болатыны сөзсіз.

Ұлттық құрама тізгінін биылғы жылдың қаңтар айында ұстаған Али Алиев өз шәкірттерін қаншалықты жігерлендіре алды? Лихтенштейннен өзге ойында қарсыластарға есе жібердік. Әрине, еуропада осал құрама жоқ дейміз. Дегенмен Солтүстік Македония және Уэльс құрамаларынан ұпай олжалауға болар еді. Тіпті кезінде отандастарымыз азулы Бельгиямен екі мәрте тең ойнағанын ұмыта қойған жоқпыз. Өз щәкірттеріне дұрыс тәлім бере алмаса, бас бапкерге қашанға дейін сенім артамыз? 

Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров бір-екі ай бұрын берген сұхбатында қыркүйек айындағы екі ойын Али Алиевтің бас бапкер ретінде тағдырын шешеді деген еді. Одан ешқандай сабақ алмаған Али Алиев енді қазан айындағы ұлттық құрама ойындарына басшылық жасай ала ма? Бас бапкер ауыстыратын уақыт жеткен жоқ па? Али Алиев жолдастық кездесу мен әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі ойындарды қосқанда барлығы жеті кездесуде ұлттық құрама тізгінін ұстады. Нәтижесінде Лихтенштейн мен Кюрасаоны жеңгенге мәз болдық. Қалған бес кездесуде қарсыластарға есе жібердік. Қысқасы, Али Алиевтің ұлттық құрама ойынына ешқандай серпін қоса алмайтыны белгілі болып отыр. Бүгінгі ойыннан кейін ол өз еркімен қызметінен кететін шығар...










Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

Руслан Мадиев кәсіпқой бокстағы чемпиондық атағын қорғайды

Бокс 29 минут бұрын

Руслан Мадиев кәсіпқой бокстағы чемпиондық атағын қорғайды

Сағындық Тоғамбай тартысты жекпе-жекте жеңіске жетті

Бокс 1 сағат бұрын

Сағындық Тоғамбай тартысты жекпе-жекте жеңіске жетті

Футболдан әйелдер лигасында «Ақтөбе» «Оқжетпесті» тағы да ірі есеппен жеңді

Футбол 2 сағат бұрын

Футболдан әйелдер лигасында «Ақтөбе» «Оқжетпесті» тағы да ірі есеппен жеңді

Төрехан Сабырхан әлем чемпионатының ширек финалына шықты

Бокс 2 сағат бұрын

Төрехан Сабырхан әлем чемпионатының ширек финалына шықты

Гүлсая Ержан әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Бокс 3 сағат бұрын

Гүлсая Ержан әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Күрес түрлерінен әлем чемпионатына баратын команда құрамы белгілі

Күрес 3 сағат бұрын

Күрес түрлерінен әлем чемпионатына баратын команда құрамы белгілі