17 сағат бұрын
Футболдан Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері кім болады?

Фото: ҚФФ
Футболдан Қазақстан құрамасы бас бапкері қызметіне келуі мүмкін екі үміткердің аты-жөні белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ресейлік шолушы бұл қызметке Александр Троицкий словакиялық Владимир Вайсс пен болгариялық Станимир Стоилов келуі мүмкін екенін атап өтті.
Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Али Алиев өз еркімен қызметінен кететінін мәлім етті.
Қазақстандық маман мұндай шешімге ұлттық құраманың 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Бельгиядан ірі есеппен (0:6) жеңілгеннен кейін келген.
- Қысқа ғана айтқым келеді: жеңілісті өз мойныма аламын, бұл – менің кінәм. Футболшылардың еш қатысы жоқ. Елге оралған соң бірден жұмыстан кету жөнінде арыз жазамын, - деді ол ойыннан кейінгі баспасөз мәслихатында.
Оның басшылығымен Қазақстан ұлттық құрамасы биыл қаңтар айынан бастап 7 кездесуде екі мәрте жеңіп, қалғанында қарсыластарыне есі жіберді.
Қазірге дейін қазақстандық футболшылар Бельгиядан өзге Уэльс (1:3, 0:1) пен Солтүстік Македония (0:1) құрамаларынан жеңіліп, Лихтенштейннен (2:0) басым түсті.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
