18 сағат бұрын
Футболдан әйелдер лигасында «Ақтөбе» «Оқжетпесті» тағы да ірі есеппен жеңді

Фото: Kffleague.kz
Бүгін футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының жиырма бірінші туры өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Көш басында келе жатқан «Ақтөбе» аталған турда сырт алаңда Көкшетаудың «Оқжетпесін» 23:0 есебімен жеңді. Ақтөбелік футболшылар бірінші кезеңде қарсылас қақпасына жауапсыз он екі гол соқса, екінші кезеңде тағы он бір гол енгізді.
«Ақтөбе» аталған қарсыласын алғашқы айналымда 24:0 есебімен ткзе бүктірген еді.
Қазір шымкенттік «Ақтөбе», БИІК, «Томирис-Тұран» командалары үздік үштікте келеді.
Ойын кестесі:
«Астана» - «Жеңіс» (Астана) 4:0
«Қызылжар» (Петропавл) - «Атырау» 12:1
«Қайрат» (Алматы) - «Томирис-Тұран» (Түркістан) 0:2
«Оқжетпес» (Көкшетау) - «Ақтөбе» 0:23
«Елімай» (Семей) - «Тобыл» (Қостанай) 1:0
«Ұлытау» (Жезқазған) - «Жетісу» (Талдықорған 3:1.
Бұл турда 6 қыркүйекте өткен ойында шымкенттік БИІК Қызылорданың «Қайсар» командасынан 5:0 есебімен басым түсті.
Енді алдағы тур ойындары 15 қыркүйек күні өткізіледі.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
