5 сағат бұрын
Еуропа чемпионаты: футболдан Қазақстан жастар құрамасы Англиядан жеңілді

Фото: ҚФФ
Бүгін Қазақстан 21 жасқа дейінгі құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Ақтөбеде Англия құрамасына есе жіберді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Кездесу барысында англиялық футболшылар басымдық танытты. Ойынның 18-минутында олардың қатарынан Этан Нванери есеп ашса, 23'-минутта Джоб Беллингем көздеген нысанасын мүлт жіберген жоқ.
Осылайша отандастарымыз қарсыласынан 0:2 есебімен жеңіліп қалды.
Айта кетейік, Қазақстан жастар құрамасы D тобында Англия, Ирландия, Словакия, Молдова және Андорра құрамаларымен ойнайды.
Олар 5 маусым күні Астанада Андоррадан 1:0 есебімен басым түсті.
Енді қазақстандық жастар 9 қазанда 2027 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңі аясында сырт алаңда Андоррамен ойнайды.
Құрлықтық доданың іріктеу кезеңі 2026 жылдың 6 қазанында мәресіне жетеді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
