7 сағат бұрын
Нико Уильямс алты аптаға қатардан шығады

«Атлетик» клубының жартылай қорғаушысы Нико Уильямс Испания құрамасы сапында Түркияға қарсы өткен ойында (6:0) жарақат алды. Ол кездесуде футболшының сол аяғының бұлшық еті тартылып, матч барысында алаңды ерте тастауға мәжбүр болды.
Дәрігерлердің қорытындысы бойынша, Уильямс шамамен алты апта бойы жасыл алаңға шыға алмайды. Бұл оның кәсіби мансабындағы 18-ші жарақаты болып отыр. Бұған дейін футболшы әртүрлі жарақаттарға байланысты жалпы есеппен 176 күнді емделуге жұмсаған.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
