7 сағат бұрын
Олжас Абраев Әзербайжан – Украина ойынына делегат болып тағайындалды

Фото: ҚФФ
Қазақстандық маман Олжас Абраев 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы Әзербайжан және Украина құрамалары арасындағы ойынға делегат болып тағайындалды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстан футбол федерациясының хабарлауынша, ййын бүгін, 9 қыркүйекте Астана уақытымен 19:00-де өтеді. Матчты Баку қаласының Тофик Бахрамов атындағы Республикалық стадионында қабылдайды.
Олжас Абраев 2013 жылдан бері УЕФА матчтарының делегаты, ал 2016 жылдан ФИФА матчтарының комиссары.
Естеріңізге сала кетейік, УЕФА делегаты ойындарда ұйымның ресми өкілі ретінде қызмет атқарады. Делегат матч алдында ұйымдастыру жиналыстарына төрағалық етеді, кездесудің тәртіпті ұйымдастырылуын, жарыс және тәртіп ережелерінің сақталуын, матчтың алдында, ойын кезінде және одан кейін стадионда және одан тыс жерде қауіпсіздік және тәртіп ережелерін сақтауды қамтамасыз етеді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
