6 сағат бұрын
Дзюдодан жастар арасындағы АЧ; кімдерге сенім артамыз?

Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы
Индонезия астанасы Джакарта қаласында 10-14 қыркүйек аралығында дзюдодан жастар арасындағы Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Құрлықтық додаға еліміздің атынан ұлдарда Есенгелді Дармен (60 келі), Жеңісұлы Қайрат (60 келі), Болат Әли (66 келі), Ержанов Ерасыл (66 келі), Кенескан Ернар (73 келі), Салхан Сапарғали (81 келі), Раков Егор (90 келі), Нұртаза Ерасыл (100 келі), Сұлтан Бейбарыс (100 келіден жоғары) сынға түседі.
Ал қыздарда Құралбай Іңкәр (48 келі), Шұғаева Сара (52 келі), Шыңғысхан Гүлхан (52 келі), Каракенова Карина (57 келі), Асылханова Дамеля (63 келі), Бітімбай Шынар (70 келі), Ахметова Салтанат (78 келі), Бақытбек Көркем (78 келіден жоғары). Ерғали Томирис (78 келі) сынды балуандарға сенім артамыз.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
