8 сағат бұрын
Дэвис кубогы: Александр Шевченко Қазақстан құрамасын алға шығарды

Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Чхунчхон қаласында теннистен Дэвис кубогы аясында Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы плей-офф матчы басталды., деп хабарлайды Sport12.kz.
ҚР Теннис федерациясының мәліметінше, кортқа әлемнің 97-ракеткасы Александр Шевченко мен дүниежүзілік рейтингіде 379-орында тұрған Чон Хён шықты.
Чон 2018 жылы Аустралия ашық чемпионатының жартылай финалына дейін жетіп, рейтингіде 19-сатыға көтерілген. Бұл кездесуде Шевченко 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Қазақстан 1:0 есебімен алға шықты.
Бұған дейін қос құрама екі рет кездескен. 2007 жылы Корея 5:0 есебімен жеңген еді. Кейін 2010 жылы Қазақстан Астанада дәл сондай есеппен қарымта қайтарған.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
