1 күн бұрын
Ресми: Антони Марсьяль жаңа командасына қосылды

Футбол
Француз шабуылшысы Антони Марсьяль Мексиканың «Монтеррей» клубына ресми түрде ауысты. Қос тарап 2027 жылға дейін жарамды келісімшартқа қол қойды. Сондай-ақ келісімшартты тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі бар.
Марсьяльдің соңғы клубы Афинадағы АЕК болатын. Ол грек ұжымында 24 матч өткізіп, 9 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген.
Айта кетейік, «Монтеррей» сапында ақпан айынан бері испаниялық жұлдыз Серхио Рамос өнер көрсетіп келеді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
