1 күн бұрын

Футболдан ел біріншілігі: «Қайрат» ХХІІІ-турда «Ақтөбені» қабылдайды

Футболдан ел біріншілігі: «Қайрат» ХХІІІ-турда «Ақтөбені» қабылдайды

Фото: «Қайрат» футбол клубы

Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің ХХІІІ-туры басталады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бүгін, 13 қыркүйекте сағат 17:00-де «Атырау» мен «Тобыл» (Қостанай), «Қызылжар» (Петропавл) мен «Оқжетпес» (Көкшетау) ойнайды. 

Ал 18:00-де «Ордабасы» (Шымкент) мен «Жеңіс» (Астана), «Тұран» (Түркістан) мен «Ұлытау» (Жезқазған) жасыл алаңға шығады.

Ал 14 қыркүйекте 17:00-де «Қайрат» (Алматы) пен «Ақтөбе», 19:00-де «Астана» мен «Елімай» (Семей) шеберлік айқасады.

Сондай-ақ 16 қыркүйекте 15:00-де «Жетісу» (Талдықорған) мен «Қайсар» (Қызылорда) ойнайды.

Айта кетсек, қазір көш басында 46 ұпаймен «Астана» келеді. Одан кейінгі орындардағы «Қайраттың» 46, «Тобылдың» 44 ұпайы бар.

Сұрмергендер көшінде Назми Грипши («Астана») 11 голмен көш бастап тұрса, одан кейінгі орындарда Марин Томасов («Астана») пен Дәурен Жұмат («Оқжетпес») 9 голмен келеді.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

Иван Дычко алғаш рет кәсіби рингте жеңілді

Бокс 46 минут бұрын

Иван Дычко алғаш рет кәсіби рингте жеңілді

«Шарлотт» Мессидің командасын ірі есеппен жеңді

Футбол 49 минут бұрын

«Шарлотт» Мессидің командасын ірі есеппен жеңді

Теренс Кроуфорд абсолютті чемпион атанды

Бокс 2 сағат бұрын

Теренс Кроуфорд абсолютті чемпион атанды

UFC Fight Night 259: Диего Лопес техникалық нокаутпен жеңіске жетті

ММА/UFC 2 сағат бұрын

UFC Fight Night 259: Диего Лопес техникалық нокаутпен жеңіске жетті

«Реал» төрешілерге қарсы FIFA-ға шағымданбақ

Футбол 2 сағат бұрын

«Реал» төрешілерге қарсы FIFA-ға шағымданбақ

Қазақстанда халықаралық төрешілерді алмастыру бағдарламасы басталды

Футбол 3 сағат бұрын

Қазақстанда халықаралық төрешілерді алмастыру бағдарламасы басталды