3 сағат бұрын

ҚПЛ: «Атырау» биылғы біріншіліктегі үшінші жеңісіне жетті

ҚПЛ: «Атырау» биылғы біріншіліктегі үшінші жеңісіне жетті

Фото: «Атырау» футбол клубы

Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің ХХІІІ-турының алғашқы ойын күнінің нәтижесі белгілі болды, деп Sport12.kz. 

Бұл күні қазақстандық жанкүйерлер «Атырау» мен «Тобыл» (Қостанай) кездесуіне ерекше қызығушылық білдірді. Атыраулық клуб биылғы біріншілікті сәтсіз өткізді. Қазірге дейін турнир кестесінде соңғы орынның бірін місе тұтты. 

Ал «Тобылдың» жағдайы басқаша. Бас жүлдеге қол созуды қалайды. Қазір үздік үштікте келеді. «Астана» және «Қайрат» секілді қарсыластарымен чемпиондық атаққа қол созуға талас жүргізіп келеді.

Бүгінгі кездесу тағдырын «Атырау» сапынан 66-минутта Ян Труфанов соққан жалғыз гол шешті. 

Осылайша қарсыласынан 1:0 есебімен басым түскен команда турнир кестесінде 15 ұпаймен түркістандық «Тұранмен» теңесті.

Сондай-ақ бүгін петропавлдық «Қызылжар» Көкшетаудың «Оқжетпесін» 3:1 есебімен жеңді.

Дәл қазір «Ордабасы» (Шымкент) мен «Жеңіс» (Астана), «Тұран» (Түркістан) мен «Ұлытау» (Жезқазған) ойнап жатыр.

Енді 14 қыркүйекте 17:00-де «Қайрат» (Алматы) пен «Ақтөбе», 19:00-де «Астана» мен «Елімай» (Семей) шеберлік айқасады.

Сондай-ақ 16 қыркүйекте 15:00-де «Жетісу» (Талдықорған) мен «Қайсар» (Қызылорда) ойнайды.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

ҚПЛ: «Тұран» мен «Ұлытау» тең ойнады

Футбол 8 минут бұрын

ҚПЛ: «Тұран» мен «Ұлытау» тең ойнады

Футболдан әйелдер лигасында БИІК көш басына шықты

Футбол 1 сағат бұрын

Футболдан әйелдер лигасында БИІК көш басына шықты

Махмұд Сабырхан әлем чемпионатында алтынға таласады

Футбол 2 сағат бұрын

Махмұд Сабырхан әлем чемпионатында алтынға таласады

ҚХЛ: «Барыс» минскілік «Динамоға» есе жіберді

Хоккей 2 сағат бұрын

ҚХЛ: «Барыс» минскілік «Динамоға» есе жіберді

ҚПЛ: «Атырау» биылғы біріншіліктегі үшінші жеңісіне жетті

Футбол 3 сағат бұрын

ҚПЛ: «Атырау» биылғы біріншіліктегі үшінші жеңісіне жетті

Бибісара Асаубаева Өзбекстандағы турнирде екінші орынға шықты

Басқа 3 сағат бұрын

Бибісара Асаубаева Өзбекстандағы турнирде екінші орынға шықты