3 сағат бұрын
Футболдан әйелдер лигасында БИІК көш басына шықты

Фото: ҚФФ
Бүгін футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының ХХІІ турының алғашқы ойын нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Шымкенттік БИІК клубы сырт алаңда астаналық «Жеңіс» командасымен кездесті.
Биылғы біріншілікте бас жүлдеге қол жеткізуді алдына мақсат етіп отырған шымкенттік команда бұл жолы да сүрінген жоқ. Алаң иелері қақпасына жауапсыз он гол соғып, турнир кестесіндегі жағдайын жақсарта түсті.
Қазір олар 22 ойыннан кейін 61 ұпай жинап, бірінші орында тұр. Дегенмен екінші орында 59 ұпай жинаған «Ақтөбеден» бір ойыны артық.
Бұл турдағы өзге ойындар 15 қыркүйек күні өткізіледі.
Ойын кестесі:
«Жетісу» (Талдықорған) - «Елімай» (Семей)
«Қайрат» (Алматы) - «Ақтөбе»
«Оқжетпес» (Көкшетау) - «Тобыл» (Қостанай)
«Атырау» - «Астана»
«Қайсар» (Қызылорда) - «Ұлытау» (Жезқазған)
«Томирис-Тұран» (Түркістан) - «Қызылжар» (Петропавл).
Федерация талабымен ерлер клубтарының жанынан биыл әйелдер құрамалары құрылған. Өткен жылы чемпионатқа тек 4 өңірден 5 команда ғана тіркелген еді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
