2 сағат бұрын

«Шарлотт» Мессидің командасын ірі есеппен жеңді

«Шарлотт» Мессидің командасын ірі есеппен жеңді

Месси

14 қыркүйекке қараған түні МЛС-тің тұрақты чемпионаты аясында «Шарлотт» өз алаңында «Интер Майамиді» қабылдап, 3:0 есебімен жеңіске жетті. Ойын «Банк оф Америка» стадионында өтті.

Кездесудің басты кейіпкері Идан Горно болды. Ол 34-ші минутта есеп ашып, 47-ші минутта екінші голын соқты, ал 85-ші минутта хет-трикті түйіндеді.

«Интер Майами» сапында Лионель Месси негізгі құрамда шықты және толық матч өткізді. Алайда аргентиналық жұлдыз нәтижелі әрекет жасай алмады. Оның үстіне, 32-ші минутта пенальтиден мүлт кетіп, ойынның шешуші сәтін жіберіп алды.

79-шы минутта қонақтар қорғаушы Томас Авилестің алаңнан қуылуына байланысты азшылықта қалды. Бұл «Интер Майамидің» жағдайын одан әрі қиындатты.

Бұл жеңіс «Шарлотттың» МЛС-дегі қатарынан тоғызыншы жеңісі болды. Ал «Интер Майами» соңғы бес матчта небәрі бір рет жеңіп, екі рет тең ойнап, екі рет жеңіліп отыр.

Келесі турда «Шарлотт» 20 қыркүйекте «Нью-Йорк Ситимен», ал «Интер Майами» 17 қыркүйекте «Сиэтл Саундерспен» кездеседі.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

АПЛ да гол соғпаған бір команда қалды

Футбол 2 минут бұрын

АПЛ да гол соғпаған бір команда қалды

Бруну Фернандеш: «Футболдағы алғашқы махаббатым — Роналдиньо»

Футбол 8 минут бұрын

Бруну Фернандеш: «Футболдағы алғашқы махаббатым — Роналдиньо»

Теренс Кроуфорд — тарихтағы алғашқы  үш салмақта абсолют чемпион

Бокс 14 минут бұрын

Теренс Кроуфорд — тарихтағы алғашқы үш салмақта абсолют чемпион

Иван Дычко алғаш рет кәсіби рингте жеңілді

Бокс 2 сағат бұрын

Иван Дычко алғаш рет кәсіби рингте жеңілді

«Шарлотт» Мессидің командасын ірі есеппен жеңді

Футбол 2 сағат бұрын

«Шарлотт» Мессидің командасын ірі есеппен жеңді

Теренс Кроуфорд абсолютті чемпион атанды

Бокс 3 сағат бұрын

Теренс Кроуфорд абсолютті чемпион атанды