2 сағат бұрын

«Қайрат» қақпашысы Темірлан Анарбеков ауыр жарақат алып қалды

«Қайрат» қақпашысы Темірлан Анарбеков ауыр жарақат алып қалды

Фото: «Қайрат» футбол клубы

Футболдан Қазақстан құрамасы мен алматылық «Қайрат» командасының қақпашысы Темірлан Анарбеков Қазақстан Премьер-лигасы 22-турындағы «Ақтөбемен» кездесуінде ауыр жарақат алып қалды, деп хабарлайды Sport12.kz.  

Ойынның 12-минутында ақтөбелік футболшылар айып алаңына әуелете доп көтерген еді. Сол сәтте Темірлан Анарбеков оны қайтаруға әрекеттенді. Оған ұмтылған ақтөбелік футболшымен соқтығысып, жарақат алып қалды. Дәрігерлер шешімімен ол алаңды тастап кетуге мәжбүр болды. Оның жарақаты қандай екені белгісіз. 

Айта кетсек, Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңінде алматылық «Қайрат» сапында Шотландияның «Селтик» командасына қарсы кездесуде кеңінен танылды. Сол кездесуде ойын соңында болған пенальтиде қарсылас команда футболшыларының үш соққысын қайтарған еді. 

Оны жас қақпашы Мейрамбек Қалмырза алмастырды. Негізгі қақпашы Александар Заруцкий де жарақатына байланысты соңғы ойындарға шыға алмай жүр.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

Өзбекстандық Джавохир Умматалиев - Әлем чемпионы

Бокс 31 минут бұрын

Өзбекстандық Джавохир Умматалиев - Әлем чемпионы

ҚПЛ: «Қайрат» маңызды үш ұпайға қол жеткізді

Футбол 37 минут бұрын

ҚПЛ: «Қайрат» маңызды үш ұпайға қол жеткізді

World Boxing: Махмұд Сабырхан - 2025 жылғы әлем чемпионы

Бокс 2 сағат бұрын

World Boxing: Махмұд Сабырхан - 2025 жылғы әлем чемпионы

Әлем чемпионаты: Еркін күрестен Камиль Куруглиев ширек финалға шықты

Күрес 2 сағат бұрын

Әлем чемпионаты: Еркін күрестен Камиль Куруглиев ширек финалға шықты

«Қайрат» қақпашысы Темірлан Анарбеков ауыр жарақат алып қалды

Футбол 2 сағат бұрын

«Қайрат» қақпашысы Темірлан Анарбеков ауыр жарақат алып қалды

Жағажай футболынан Италиядағы турнирде Қазақстан құрамасы төртінші орын алды

Футбол 3 сағат бұрын

Жағажай футболынан Италиядағы турнирде Қазақстан құрамасы төртінші орын алды