2 сағат бұрын

ҚПЛ: «Астана» мен «Елімай» 3:3 есебімен тең ойнады

ҚПЛ: «Астана» мен «Елімай» 3:3 есебімен тең ойнады

Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің ХХІІІ-турының екінші ойын күніндегі тағы бір ойынның нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.  

Бұл күні елордалық «Астана» мен «Елімай» (Семей) шеберлік байқасты.

Ойын барысында астаналық футболшылар жылдам гол соғуға тырысты. Нәтижесінде бірінші кезеңде олардың қатарынан Назми Грипши 14-минутта есеп ашса, одан кейін Алекс Аманович 27-минутта басымдықты арттырды.

Ал «Елімай» сапынан ролон Кевин 32, Ғалымжан Кенжебек 57-минутта қос гол соғып, таразы басын теңестірді.

Ойынның 61-минутта Назми Грипши тағы бір мәрте көзге түсіп, ел біріншілігінде 16 гол соғып үлгерді. Одан кейін «Елімай» сапынан Иван Свиридов 64-минутта қорытынды есепті белгіледі.

Командалар 3:3 есебіне қанағат білдіріп тарасты. 

14 қыркүйекте алматылық «Қайрат» өз алаңында «Ақтөбені» 1:0 есебімен жеңді.

Айта кетсек, 13 қыркүйекте «Тұран» (Түркістан) мен «Ұлытау» (Жезқазған) 1:1 есебіне қанағат білдірсе, «Атырау» өз алаңында қостанайлық «Тобылды» 1:0, петропавлдық «Қызылжар» Көкшетаудың «Оқжетпесін» 3:1, шымкенттік «Ордабасы» астаналық «Жеңісті» 2:1 есебімен қапы қалдырды.

Енді аталған турда 16 қыркүйекте «Жетісу» (Талдықорған) мен «Қайсар» (Қызылорда) ойнайды.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

Аида Әбікеева - әлем чемпионы!

Бокс 11 минут бұрын

Аида Әбікеева - әлем чемпионы!

Алуа Балқыбекова бокстан әлем чемпионы атанды

Бокс 41 минут бұрын

Алуа Балқыбекова бокстан әлем чемпионы атанды

Асылжан Есенгелді әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды 

Күрес 2 сағат бұрын

Асылжан Есенгелді әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды 

ҚПЛ: «Астана» мен «Елімай» 3:3 есебімен тең ойнады

Футбол 2 сағат бұрын

ҚПЛ: «Астана» мен «Елімай» 3:3 есебімен тең ойнады

Темірлан Анарбековтің «Ақтөбемен» ойында қандай жарақат алғаны белгілі болды

Футбол 3 сағат бұрын

Темірлан Анарбековтің «Ақтөбемен» ойында қандай жарақат алғаны белгілі болды

Өзбекстандық Джавохир Умматалиев - Әлем чемпионы

Бокс 4 сағат бұрын

Өзбекстандық Джавохир Умматалиев - Әлем чемпионы